ГлавнаяНовости

Новости



Жұмыс сапарымен болып қайттым  11 января 2018 года

Он бірінші қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-шы шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша Комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов Саран қаласында болып қайтты.
Жұмыс сапарымен келген депутатты Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, Саран қаласының әкімі Е. Темірханов, қала әкімінің орынбасары Е. Оспанов күтіп алды.
Саран қаласына келген С. Абдрахманов Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты мемлекеттік бағдарламалар қатарының дамуымен танысып, бірнеше объектілерді аралап, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында қала тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады.
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде депутат жұмыс материалдарымен және екі мұражайдың мұрағат құжаттарымен – колледж тарихы және Сахи Бекташева атындағы бейнелеу өнерімен, студенттер кітапханасымен және оқу дәрісханаларының техникалық жабдықтарымен танысты. Айта кетерлігі, биыл аталған оқу орны 95 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.
Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі құрметті қонақтардың қызығушылықтарын тудырды. Аталмыш мектеп көптеген жылдар бойы зор жетістіктерге жетіп, атақты чемпиондар, соның ішінде олимпиада чемпиондары кадрларының ұстаханасы болып табылады. Спорттық ғимаратта С. Абдрахманов баскетбол, шағын футбол және гимнастикалық зал, велобаза, бассейндерді қарап шықты. Сондай-ақ, спорттық ғимараттың ежелгі тарихы, атақты түлектер жазылған, сонымен қатар, бүгінде қаламыздың қоғамның игілігі болып табылатын құрметті наградалары көрсетілген мектептің ақпараттық стендтеріне ерекше назар аударды.
С. Абдрахманов жұмыс сапарының маңызды бөлігін қала тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдауға жұмсады. Жеке қабылдау барысында Мәжіліс депутаты қала тұрғындарының зейнетақы аударымдарын қайта есептеу, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, жастар саясаты жөнінде қойған сұрақтарына жауап берді. Қабылдау соңында С. Абдрахманов, қала тұрғындарының өтініші бойынша Саран қаласының кітапхана жүйесінің қорына енген бірнеше жеке шығармалар туындыларына өзінің қолтаңбасын қалдырды. Белгілі болғандай, Сауытбек Абдрахманұлы көптеген ғылыми және әдеби еңбектердің, түрлі жарияланымдардың авторы болып табылады. Оның қаламынан «Наш Пушкин», «Календарь человечества», «Летопись независимости» және тағы да басқа кітаптар туындаған.
Жұмыс сапарының соңында депутат актив өкілдері, мәслихат депутаттары, қала құрушы кәсіпорындарының жұмысшыларымен, өнер саласының зиялылары және бизнес-құрылым өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және саяси партиялармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында С. Абдрахманов Президенттің тезистері қатарына тоқтала отырып, жаңа Жолдауды түсіндірді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметіне қысқаша тоқталды.
Жиналғандар алдында сөз алған қала әкімі Е. Темірханов мемлекет басшысының жаңа бағдарламалық құжаты - Қазақстан халқына кезекті Жолдауына қатысушылардың назарын аудартты. Ержан Оралұлы дамыған әлемдік державалардың қатарына Қазақстанның енуі жөніндегі Ұлт көшбасшысының жария еткен он міндеттерін атады.
Аналар кеңесінің және Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы жөнінде Г. Жүсіпбекова және О. Свиргун мәлімдеді.
Соңында Е. Темірханов Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған ауқымды міндеттерді шешу үшін қала тұрғындары барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибелерін жұмсайтындықтарына сенімін білдірді.


  Вернуться к новостям



...
19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу