ГлавнаяБөлім жұмысы туралы ақпарат

Бөлім жұмысы туралы ақпарат




«Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2016 жылы атқарған жұмысы туралы есеп


«Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ миссиясы - қалада мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды салааралық үйлестіру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басым міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік активтерді басқару саласындағы міндеттерді жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау.
2016 жылы бөлім экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты дамыту мақсатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізді.
Есептік кезеңде қаланың мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп қаланы дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуына ағымдағы мониторинг жүргізілді.
Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық даму паспортын әзірлеу жұмысы ұйымдастырылды. Ай сайын қала дамуының қорытындылары шығарылды.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін жүзеге асыру шеңберінде қаладағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілді, қалалық бюджеттік комиссияның жұмысы ұйымдастырылды. Қала бюджетінің 2017 - 2019 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігі қалыптастырылды. Бюджет жобасы әкімдік отырысында мақұлданды және 2016 жылғы 22 желтоқсандағы қалалық мәслихат шешімімен бекітілді.
2016 жылы қала бюджетін 5 рет нақтылау және 5 рет түзету жұмыстары ұйымдастырылды.
Нақтылаулар бюджеттік қаражаттың бос қалдығын бөлуге, қаражатты бағдарламалар арасында қайта бөлуге, республикалық және облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді алуға байланысты болды.
Қалалық мәслихаттың барлық шешімдері бойынша оларды жүзеге асыру туралы нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.
Бюджетті әрбір нақтылаған сайын материалдар қоғамдық кеңестің отырыстарында, қаланың бюджеттік комиссиясында қаралды және қалалық мәслихаттың депутаттарына ұсынылды.
Бөлім бюджеттің кіріс бөлігіне болжам жасау, талдау және орындау, уәкілетті органдармен бірлесіп салық салынатын базаны кеңейту жұмыстарын жүргізеді,
Қала бюджетіне қосымша кіріс қарастыру жөнінде қалалық комиссия жұмыс істейді, іс-шаралардың алгоритмі әзірленді. заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер учаскелері бойынша объектілер толықтырылуда.
2016 жылы Саран қаласының бюджетіне қосымша кіріс қарастыру жөніндегі жоспар 116,9% орындалды.
Бюджеттік қаражатты уақытында және сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім деңгейлерін көтеру мақсатында жыл ішінде қаладағы бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлерімен семинарлар және мәжілістер ұйымдастырылды.
2016 жылы қала бюджетіне түсім 2907,7, млн. теңгені немесе жоспарға 101,9% құрады, оның ішінде меншікті табыс 1206,7 млн. теңге немесе 104,8%.
2015 жылмен салыстырғанда кірістің өсуі 11% немесе 119,8 млн. теңге.
Қала бюджетінің шығындары жоғары тұрған бюджеттің трансферттерін есепке алғанда 2920,8 млн.теңгені құрады, бөлінген қаражатты игеру - 98,6%.
Түскен табыстар басымдылық ретімен бюджеттік саланың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге, әлеуметтік іс-шараларға жұмсалды. Бұл шығындардың үлес салмағы бюджеттің жалпы көлеміне шаққанда 74,5% немесе 2176,8 млн. теңгені құрады.
Бөлім функцияларының бірі – Саран қаласының мекемелері мен кәсіпорындары өткізетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері заңсыз түрде араласу және айқындық деңгейін арттыру мақсатында заңнамалар талаптарын қатаң сақтай отырып, электрондық сауда-саттық арқылы жүргізіледі.
2016 жылы Саран қаласының бюджеті бойынша жалпы сомасы 899,1 млн.теңге сомасына 1743 мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде жұмыстар – 617,6 млн.теңге, тауарлар 87,4 млн.теңге, қызметтер – 166,5 млн.теңге, оның ішінде конкурс тәсілімен өткізілгені 517,8 млн.теңге сомасына – 30 мемлекеттік сатып алу
Активтерді басқару саласындағы міндеттерді орындау мемлекеттің мүлікке иелік алған күнінен бастап оны тоқтатқан күнге дейінгі аралықта мемлекеттік мүлікті басқарудың бірыңғай механизмін қалыптастыруға, мемлекеттік активтерді басқаратын мемлекеттік органдар құзыреттілігін нақты ажыратуға және олардың басшыларының мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекет саясатын жүргізгені үшін жауапкершіліктерін күшейтуге бағытталған.
Саран қаласының коммуналдық меншік активінің жалпы құны 2016 жылы 7129,7 млн.теңгені құрады, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1517,3 млн. теңгеге артты.
2016 жылы бизнес объектілеріне жаңадан салынған инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ сот шешімі бойынша бірқатар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілді. Коммуналдық мүлікті бағалау және көше жарығы орнатылған қалаішілік автомобиль жолдарының жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары өткізілді.
2016 жылы тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға беруге 63 шарт жасалды, қала бюджетіне 8,8 млн. теңге түсті.
Саран қаласының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік мүлікті сатудан түскен табыс 6,5 миллион теңгені құрады.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап комиссияның 61 отырысы өткізілді. Бағалау құны 378,3 млн. теңге болатын 18 жылжымайтын мүлік объектісі жария етілді.
2017 жылы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді ескере отырып әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыттарын жүзеге асыру жұмысы жалғасады.
2017 жылдың басты міндеті – қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуіне жол бермеу және әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау.



...
19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу