ГлавнаяҚаланың құрметті азаматтары

Қаланың құрметті аза...




  Әбікенов Қабдрахман Әбікенұлы

Әбікенов Қабдрахман Әбікенұлы 1930 жылы туған. Еңбек жолын Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін 1956 жылғы 1 қыркүйектен Саран гуманитарлы-техникалық колледжінен бастады.
1976 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы ақпанға дейін осы оқу орнының директоры болып жұмыс істеді. 
Қ.А. Әбікенов оқу орнының директоры болып жұмыс істей отырып облыстың жалпы білім беретін  мектептеріне мамандар дайындауға аса назар аударды. Оқу мекемесінің ұжымы облыстық, республикалық және бүкілодақтық жарыстарда бірніше рет жеңімпаз болды, бірнеше рет облыстық Құрмет тақтасына енгізілді.  
Қ.А. Әбікенов 1976 жылы Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын сырттай аяқтады. 
Мұғалім кадрларын дайындаудағы қол жеткізгін жетістіктері үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі» Құрметті атағы берілді, ол Саран қаласының Құрметті азаматы болып табылады, Қазақ КСР және КСРО ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.  
Қ.А. Әбікенов бір ұжымда үздіксіз 46 жыл істеді, құрметке ие және жоғары тұрған ұйымдар тарапынан ешқандай ескерту болған жоқ, 1998 жылдан аудармашы болып жұмыс істеді. 

Баекенов Болат Әбдірахманұлы

Мен, Баекенов Болат Әбдірахманұлы, 1942 жылы 21 қарашада Қазақстан Республикасы, Атырау қ. (Гурьев) әскери қызметші отбасында тудым. Әкем Баекенов Әбдірахман 1906 жылы туған, ІІХК органдарында әскери борышын өтеген, шешем - Баекенова (Арсланова) Фатима Ғазизқызы үй шаруасында болған. Ата-анам қайтыс болған: анам 1977 ж. ал әкем 1985 ж. Ағаларым мен апаларымнан тірі қалғандар (Баекенова) Іркебаева Софья Әбдірахманқызы 1935 жылы туған, Қарағанды қ. тұрады, Баекенов Марат Әбдірахманұлы 1938 жылы туған, Алматы қ. тұрады және Баекенов Мәлік Әбдірхманұлы 1950 жылы туған, Шымкент қ. тұрады.
1960 жылы ауыл және орман шаруашылығы механизациялау Орал техникумын аяқтадым және сол жерде Саран ААФКЕҚ қалшар автомотоклубының бастығы болып еңбек жолын бастадым, содан кейін 1961 жылы Көмір өнеркәсібі басқармасының Саран автобазасының автомеханигі болып жұмыс істедім, жұмыс істеумен қатар кәсіпқой автомотоклубтың жүргізушілерін дайындау курсында сабақ бердім.  
1961 ж. қарашада Кеңес армиясының қатарына шақырылдым, Алматы қ. 51809 ә/б жүргізуші болып әскери қызмет атқарадым. 
1962 жылғы желтоқсанда әскерден қайттым және Саран қ. Қарағандыкөмір Саран автобазасының автомеханигі болып бұрынғы жұмысыма қайта қайтып келдім. 
1964 жылы қалалық халық білім беру бөлімінің мектеп аралық оқу-өндірістік шеберханасының меңгерушісі болып тағайындалдым, онда Саран қ. орта мектептерінің  9-10 сынып оқушылары өндірістік оқудан өтті.
1966 жылы комсомол жұмысына көштім, бастапқы кезде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім, ал 1967 жылы мамырдан Саран қ. қалком комсомолының бірінші хатшысы болдым. 1971 жылы тамызда мені партия жұмысына Саран қалком партиясының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі етіп ауыстырды, ал қазан айында Қарағанды обкомы комсомолының екінші хатшысы етіп сайлады. 1973 жылы Қазақстан Компартиясының ОК шешімімен КСРО МҚК жоғары мектебіне МҚК органдарының басшылық құрамын дайындау факультетіне оқуға жіберілдім. Оны аяқтағаннан кейін 1975 жылы Қарағанды облысы бойынша МҚК басқармасының бақылау бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалдым. Ал 1977 жылы қазанда мені қайтадан партия жұмысына ауыстырады, Қарағанды обком партиясының әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындайды.  1980 жылы Қазақстан Компартиясының ОК шешімі бойынша мені қайтадан МҚК органдарына жұмысқа жібереді, Алматы облысы бойынша Қазақ КСР МҚК басқармасы бастығының орынбасары етіп тағайындайды. 1982 жылы КСРО МҚК Инспекторлық Басқарма Орталық аппаратына жұмысқа ауыстырады. 1985 жылы Көкшетау облысы бойынша Қазақ КСР МҚК Басқармасының бастығы етіп тағайындайды.
1986 жылы мені ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы етіп тағайындайды, онда 4 жыл жұмыс істедім, 1990 жылғы сәуір айында мені Алматы қ. және Алматы облысы бойынша ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы етіп тағайындайды.  
Комсомолдық, партиялық жұмыста болып қалалық және облыстық Халық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайландым. Ал МҚК облыстық басқармаларының бастығы болып Көкшетау және Алматы партия обкомы бюросының мүшесіне кандидат болдым.
1991 жылы қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан МҚК төрағасы болып тағайындалдым, ал 1992 жылғы шілдеде Қазақстан ҰҚК Төрағасы болып тағайындалдым. 1993 жылғы желтоқсанда ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалдым, ал 1994 жылғы қазанда Қазақстан Ішкі істер министрі болып тағайындалдым. 1995 ж. қарашада отставкаға өтініш бердім және «Сауран» ЖШС президенті болып тағайындалдым. 1997 жылғы ақпан-наурызда «Групп – 4секъюрити Казахстан» халықаралық күзет фирмасының бас директорының орынбасары болдым.
1997 жылғы 20 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Президенті күзеті қызметінің бастығы болып тағайындалдым және мен қайтадан әскери қызметке шақырылдым. Генерал-лейтенант әскери атағым бар. 
2001 жылғы 4 мамырда ҚР Президенті күзеті қызметінің бастығы лауазымынан және міндетті әскери қызметте болудағы соңғы жасқа жетуге байланысты міндетті әскери қызметтен босату туралы өтінішпен баянат бердім. Менің өтінішім қанағаттандырылды және Президенттің Жарлығымен ҰҚК запастағы міндетті әскери қызметтен босатылдым. Шетелде көп болдым, қызметтік іссапарларда 20 астам елде болдым. 
Үкіметтік наградалармен (9 медаль) және «Құрмет» орденімен марапатталдым.
Үйленгенмін. Әйелім Баекенова Тамара Васильевна 1939 ж.т. – зейнеткер. Қыздарым: Баекенова Индира Болатқызы1964 ж.т. және Турабаева Илона Болатқызы 1967 ж.т. тұрмыста және Алматы қ. бөлек тұрады. 
Менімен бірге 1985 ж.т. асырап алған немерем Баекенова Асель Болатқызы  тұрады, «Мирас» ОМ 11 сыныбын аяқтады, қазіргі уақытта Швейцариядағы халықаралық университетте оқиды. Отбасыммен Алматы қ. тұрамын.

Блат Иван Владимирович

Блат Иван Владимирович 1936 жылы 29 шілде күні Көкшетау облысы, Келлер ауданы, Краснокаменка ауылында туған.
1947 жылы отбасы Қарағанды қаласына көшіп келді, сол жерде 1 сыныпқа барды.   1955 жылы 8 сынып бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Республикалық дене тәрбиесі техникумына түсіп 1958 жылы бітірді.
Қарағанды қаласындағы № 59 орта мектебіне дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмысқа жіберілді. 
1958 жылғы қараша айынан 1960 жылғы наурыз айына дейін Забайкальск әскери округінде әскери борышын өтеді. 
1960 жылы «Саранкөмір» тресінің 107-108 шахтасына нұсқаушы-тәжірибеші қызметіне тұрды. 
1962 жылғы қарашадан Саран қаласындағы Спорт мектебінің директоры болып тагайындалды, ол жерден 2008 жылы еңбек демалысына шықты. 
1964 жылы Қазақ мемлекеттік Дене тәрбиесі институтына сырттай оқуға түсті және оны 1969 жылы «жаттықтырушы-оқытушы» мамандығы бойынша бітірді.
Оның тікелей қатысуымен қаладағы спорт мектебінің ғимараты, жүзу бассейні салынды. 
1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
1973 жылы «Халыққа білім беру озаты» белгісімен марапатталды.
1983 жылы «Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.
1999 жылдан - Саран қаласының құрметті азаматы.  Үйленген, екі баласы, немерелері бар.

Дрижд Николай Александрович

Дрижд Николай Александрович 1927 жылы 29 желтоқсанда туған. 
1944 жылы бір мезгілде № 19 шахтада тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі болып жұмыс істей отырып тау-кен техникумына оқуға түсті. 
1948 жылы бір мезгілде тау-кен шебері, учаске бастығының көмекшісі, Донецк облысы Енакиево қаласының «Орджоникидзеуголь» тресінің «Юнком» шахтасы учаскесінің бастығы болып жұмыс істей отырып Днепропетров тау-кен институтына түсті және оны 1953 жылы үздік бағамен аяқтады. 
Институтты бітіргеннен кейін 1953 жылы «ВостСибуголь» комбинатына жұмысқа жіберілді, «Черемховуголь» комбинатына жіберілді, Киров атындағы шахтаның учаске бастығы, бас инженердің орынбасары болып жұмыс істеді. 
1953 жылы «Карагандауголь» комбинатына № 37 шахтаның учаске бастығы болып жіберілді, 1955-1963 жылдар кезеңінде № 101 «Соқыр» шахтасының бас инженері, «Сараньуголь» тресінің № 120 шахтасының бастығы, «Сараньуголь» тресінің басқарушысы болып жұмыс істеді.
1963 жылдан 1976 жылға дейін № 3 Ленин атындағы шахтаның директоры болып жұмыс істеді.
1976 жылдан 1989 жылға дейін «Карагандауголь» өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1989 жылдан осы уақытқа дейін ҚарМТУ РМПИ кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. 
1989 жылы докторлық диссертация қорғады, 55 авторлық куәлігі, 120 баспа жұмыстары бар. 
ҚР құрметті кеншісі, Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларының Құрметті азаматы, КСРО Мемлекеттік сйлығының екі мәрте лауреаты, Ленин, Еңбек Қызыл ту орденімен екі рет, Құрмет белгісімен, 10 медальмен марапатталды, «Кеншілер даңқы» белгісінің толық кавалері.


Ешмағамбетов Болат Ешмағамбетұлы

1934 жылы 23 ақпан айында Көкшетау облысы, Рузан ауданы, Жаманшұбар ауылында шаруа отбасында туған.
Әкесі 1941 жылы әскерге кетіп, шешесі 1942 қайтыс болды. Алты бірдей апа, қарындастары, аға-інілерімен 75 жастағы атасының қолында тәрбиеленді.
1953 жылғы Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсіп, айтылған институтты 1958 жылда бітіріп, инженер электормеханик мамандығын алады. 1958 жылғы институт жолдамасымен «Ленинкөмір» тресінің №19 шахтасына жұмысқа түседі. 1960 жылғы «Қарағандыкөмір» комбинатының бұйрығымен №101 шахтасына, кейіннен «Соқыр» шахтаснына тау-кен құралдарын автоматизациялау және механизацияландыру инженері болып ауысады. Осы шахтада автоматизацияландыру инженері, бөлімінің механигі, бас механиктің орынбасары, шахта кәсіподағының төрағасы болып жұмыс істейді.
1973 жылғы Саран қалалық халық депутатынның атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. Осы жұмыста 17 жылдан астам уақыт қызмет атқарады және 1991 жылы «Соқыр» шахтысының директорының көмекшісі қызметіне ауыстырлады. 1996 жылғы Саран қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысады. 
1999 жылғы Саран қалалық Мәслихатының депутаты болып сайланады және 1 сессияда қалалық мәслихат хатшысы болып тағайындалады. 2003 жылы үшінші шақырылымның қайтадан депутат және Саран қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланады.
«Құрмет белгісі» орденімен, 1 және 2 дәрежелі «Шахтер ерлігі» белгісімен «Еңбек озаты үшін», «Еңбек ардагері», министрліктер мен ведомстволардың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қажырлы еңбегі үшін «Ерен енбегi үшiн» медалімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Парламентiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталды.
Үйленген, балалары және немерелері бар.


Куленко Андрей Иосифович

Куленко Андрей Иосифович – Саран қаласының байырғы тұрғыны. Ол қаланың білім беруін дамытуға зор шығармашылық үлес қосты. 
1956 жылы Алматы Қазақ Мемлекеттік Университетін үздік бағамен аяқтап жолдама бойынша Қарағанды ОблХББ келді. Керемет білімі ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибесі бар (31 жас, 7 жыл мерзімді әскери қызмет) жас маман жас жаңа салынып жатқан Саран қаласының жалғыз орта мектебінің директоры болып тағайындалады.
Оның басшылығымен мектептің педагогикалық ұжымы оқу-тәрбие үдерісіне ғылыми-психологиялық теория енгізді. Мемтептің атағы жылдан-жылға арта берді, мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберліктерімен даңққа ие болды, оқушылар терең және мықты білім алды және еліміздің ЖООларында оқуын жалғастырды.  
1960 жылғы 15 қаңтарда мектеп ісін жақсы білетін озық ұжымның тәжірибелі басшысы ретіндешығармашылық адамы, бастамашыл А. И. Куленконың лауазымы жоғарылайды және ол Саран ҚалХББ  меңгерушісі болып тағайындалады. Ол мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер жүйесін кеңейтумен, олардың материалдық-техникалық базасын жақсартумен, педагогикалық кадрларды жинақтаумен айналысты. Оқушыларды еңбекке оқыту үшін оқу шеберханаларын бастама жолымен салу кең өріс алды. Педагогикалық жетістікті ол мектептерде оқу-тәрбие жұмысын көтеруден және еңбекті ғылыми ұйымдастыру деңгейінде педагогикалық ұжымдарға басшылық жасаудан байқады. Осы уақыт ішінде директорлар мен завучтердің жоғары кәсіби, шығармашылық белсенді құрамы құрылды, әр мектеп жеке өзі тұлға болуға ұмтылды. Бір ұжымның табысы мен жетістіктері қала мектептерінің жетістіктері болды. Бәсекелестік пен ашықтық рухы дамыды. Әр мектепте директорлар мен завучтердің ашық әдістемелік күндері өткізілді. Үздік мұғалімдердің сабақтары бастаушыларға ашық болды. Осылайша мұғалімдер мен мектеп басшыларының ғылыми-педагогикалық және әдістемелік шеберлігі көріді. Осы кезеңде оқытудың аудиокөрнекі құралдарын енгізу басталды. Қаланың педагогикалық ұжымы осы жаңашылдықта бастамашы болды және Республикаға және қоғамға танымал болды.  
Андрей Иосифовичті мектеп жұмысы тартымды болды. Бірнеше рет жеке өтініші бойынша сол № 4 мектепке ауысты, онда зейнетке шыққанға дейін 25 жылдан артық жұмыс істеді.  
Осы жылдар ішінде озық педагогикалық пікірдің орталығы болды. Оның базасында ғылым негіздерін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-педагогикалық конференция өткізілді, мектептің жұмыс тәжірибесі республикалық конференцияға шығарылды, «Қазақстан мұғалімі» атты республикалық газетінде жарық көрді, мұғалімдерді жетілдірудің орталық институтымен және МЖИ зерделенді. Мәдениет министрінің орынбасары Роза Дүйсенбайқызы Есенжолова осы мектепке іссапармен келген, ұжымның жұмысымен танысқан және  оны республикадағы авангардты мектептің бірі екенін атап көрсетті. Андрей Иосифовичтің педагогикалық өтілі – 50 жыл, соның ішінде 31 жыл басшылық лауазымдарда болды.  
Шығармашылық педагогикалық еңбек, қаланың және облыстың қоғамдық өміріне қатысу оның атын шығарды. 
Оның жергілікті маңызы бар Жеке зейнеткер атағына ие және көптеген наградалары бар –«Еңбек ерлігі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жылдығын атап өтудегі ерен еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жиырма жылдығы», «Еңбек ардагері», медельдарымен, «КСРО ағарту ісінің үздігі, «ҚазКСР ағарту ісінің үздігі», «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» белгілерімен, мәдениет министрлігінің, облыстық халық депутаттар кеңесінің,облкәсіподақ кеңесінің, ОблХББ, Қал ХББ құрмет грамоталарымен марапатталды. 
Куленко А. И. ұлжандылық комиссияның мүшесі бола отырып ардагерлер кеңесінде белсенді қоғамдық қызметін жалғастырады. Ол дәрістермен радиода, еңбек ұжымдарында, оқушылар және жастар алдында сөз сөйлейді. Президент Н.Ә. Назарбаевпен әзірленген біздің Отанымыздың тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі және факторы ретінде Қазақстан Республикасы халқының бірлігіне арналған саяси бағдарды ашады. Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Менің Қазақстаным» тақырыбында дәріс оқыды. 
зейнеткер бола отырып халық арасындағы белсенді ағарту жұмысы үшін бірнеше рет қала әкімдігінің грамоталарымен марапатталды. Республика күнін атап өтуде оған «Даналық, білім, тәжірибе» номинациясы бойынша мадақтама берілді.

Мироненко Иван Иванович

Мироненко Иван Иванович 1935 жылы 26 наурызда Қарағанды қаласында жұмысшылар отбасында туған. 
Әкесі – Ұлы Отан соғысына қатысушы, сылақшы-сырлаушы болып жұмыс істеген, анасы – жұмысшы болған.
1943 жылы Қарағанды қаласының № 25 орта мектебіне 1 сыныпқа түседі. 
1948 жылы отбасы тұрақты тұруға Саран қаласына көшіп келеді. 
1951 жылы  «Сараньшахтострой» тресінің № 3 СУ сылақшы ретінде жұмысқа тұрады, одан кейін мұнара кранының машинисі болып ауысады. 1953  жылы жүргізуші курсын аяқтағаннан кейін  «Сараньшахтострой» тресінің Саран автобазасында 3 сынып жүргізушісі болып жұмыс істейді. 1955 жылғы күзде Қызыл Армия қатарына шақырылады және 1958 жылғы сәуірге дейін Өзбек КСР Термез қаласында әскери борышын өтейді.
1958 жылдан бастап Саран автобазасында жүргізуші, механик, аға механик, автоколонна бастығы болып жұмыс істейді. 
1960 жылдан 1970 жылға дейін «Шахтострой» құрылыс басқармасында құрылыс цехының бастығы болып жұмыс істейді. 1970 жылдан 1978 жылға дейін «Карагандауголь» ӨБ КПТМ учаске бастығы болып жұмыс істейді. 1978 жылғы мамырдан  «Карагандауголь» ӨБ асханалар және мейрамханалар тресіне жұмысқа ауыстырылады.
1982 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітіреді.
1983 жылы Қарағанды облыстық жеміс-көкөніс шаруашылығында – база директорының орынбасары болып жұмыс істейді. 
1984 жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды тиеу-көлік басқармасында ауыр техника депосының бастығы болып жұмыс істейді.
Үйленген. Ұлы және қызы бар.

Зименок Василий Петрович

ЗименокВ. П. Қарағандық. 1956 жылыұйымдіріктеубойыншакеледіжәне № 20-БИС шахтасынаүңгілеушіболыпжұмысқақабылданады. 1958 жылы № 121 шахтаға ауыстырылады. 1959 жылы ұжымен үңгілеушілер бригадирі болып сайланады. 1960 жылы 3 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1962 жылы 2 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1966 жылы Ленен орденімен марапатталды. 1970 жылы В.И. Лениннің туғанына 100 жылдығын атап өтудегі ерен еңбегі үшін мерейтой медалімен марапатталды. 1970 жылы социалистік жарыстағы біріншілігі үшін 1 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1970 жылысоциалистік жарысқа белсене қатысқаны үшін «Құрметті кенші» атағы берілді.
1971 жылы КОКП XXIV партийялық съезінің делегаты болып сайланады. Сол жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. 1973 – 1974 жж КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Құрмет тақтасына енгізілді. 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 9 шақырылымының депутаты болып сайланды. 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 11 шақырылымының депутаты болып сайланды. 1976 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының 14 съезінің делегаты. 1982 жылы Қазақстан кәсіподағының делегаты болып сайланды. 1993 жылы«Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  Бірнеше рет поселкелік, қалалық, облыстық Халық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды.
1994 жылы еңбек демалысына шықты.

Шаймарданов Масұғұт

ШаймардановМасұғұт 1936 жылытуған, біліміжоғары, қазақ. Шаймарданов Масұғұт еңбек жолын 1959 жылы «Сараньуголь» тресінің № 106 шахтасының тау-кен шебері лауазымынан бастады. Одан кейін учаске бастығының орынбасары, бас инженердің көмекшісі болып тағайындалды. 2007 жылы «Соқыр» шахтасының шахта комитетінің төрағасы болып сайланды. 1974 жылдан 1981 жылға дейін партиялық жұмыста болды: «Саран» шахтасының партұйымының хатшысы, Қазақстан Компартиясының Саран қалкомының екінші және бірінші хатшысы болып сайланды. Саран қаласын салуға және абаттандыруға көп күш жұмсады. М. Шаймардановтың тікелей қатысуымен РТБ зауыты және тұрғын ықшам аудан салынды.
1981 жылы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 
1981 жылғы қарашадан 1986 жылғы желтоқсанға дейін облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы болып сайланды. 
Сарқылмас күш-қуат және жұмысқа қабілеттілік М. Шаймардановтан осы лауазымда көп нәрсе істеуге мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде кәсіподақ курстары ашылды, Ғылым және техника үйі, Тельман ауданында пионер лагері, Қарқаралыда «Каскад» санаторийі, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларында санаторий-емдеу орындарын салынды.  1986 жылғы желтоқсаннан 1991 жылғы қаңтарға дейін Қарағанды облыстық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 
жұмыс істеген кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1991 жылғы қаңтардан осы уақытқа дейін мұрағат қызметі жүйесінде жұмыс істейді. 
Мұрағаттар және құжаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген кездерінде өзін сауатты, ынталы басшы ретінде көрсете білді.  
М. Шаймардановтың жігері мен талабының арқасында қазір облыстың мұрағат мекемелері Орталық Қазақстанда мұрағат ісін дамытуда үлкен рөл атқарады.  
1996 жылы АҚШ ақпараттық агенттігінің (ЮСИА)  шақыруы бойынша М. Шаймарданов Америка құрама штатында болған және АҚШ мұрағат ісін ұйымдастырумен танысты. 
1993 жылы Қытайда Мұрағатшылардың халықаралық конгресіне қатысты. 
М. Шаймарданов облыстың мұрағат мекемелерін материалдық жабдықтау мәселелеріне аса көңіл аударды, 1991 жылдан бастап мұрағаттар компьютерлермен, кеңсе техникаларымен тұрақты жабдықтала бастады. 
М. Шаймарданов облыстың және қаланың қоғамдық өміріне баға жетпес үлес қосты. Ол бірнеше рет облыстық сайлау комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.  Қазіргі уақытта «АСАР» партиясының жұмысына белсене қатысады.  
көп жылғы және жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, көп медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.Шаймарданов Масұғұт өте жақсы отағасы, әке және ата.



...
19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу