- Бөлім туралы
- Бөлімінің жұмыс жоспары
- Бөлімнің жұмысы туралы есебі
- Қала басшылары
- Қала туралы
- Сурет галереясы
- Мемлекеттік сатып алулар
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы
- Сілтемелер
- Заңдар тізбесі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
- Аналитикалық ақпарат
- Құрметті азаматтары
- Өзіңнен баста
- Мүлікті жария ету
- Қалалық бюджет
- Азаматтық бюджет
- Мемлекеттік қызмет имиджі
- Қаласының даму бағдарламасы
Жұмыс регламенті
«Саран қаласының
экономика және қаржы бөлімі» ММ жұмыс регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі стратегиялық мақсаттарға жетуге және Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында, Саран қаласының аумағында мемлекеттік қаржы мен коммуналдық меншікті басқару саласында басшылық жасайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әріде - Мекеме).
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мекеменің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 71а үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде - «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады
11. Мекеме қызметін қаржыландыру Саран қаласының бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен «Саран қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мекеменің миссиясы: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында қызметті жүзеге асыру және бақылау, мемлекеттік қаржы мен коммуналдық меншікті басқару.
14. Мекеменің міндеттері:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын, қалада әкіммен іске асырылатын бағдарламаларды, ісшараларды әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) Саран қаласының бюджетін орындау;
3) қалалық коммуналдық меншіктің пайдаланылуына бақылау.
15. Мекеменің функциялары:
1) тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің жобасын ұсыныстар және ұш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджетті жобасының көрсеткіштерін әзірлеу, қалалық бюджет жобасының соңғы нұскауын әзірлеу;
2) үш жылдық кезеңге және жоспарланып отрған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айкындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) қалалық бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актірлердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді түзету, нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін талдау және солар бойынша ұсыныстар дайындау;
6) инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар дайындау;
7) ағамдағы бюджеттік бағдарламалардың кіріс көлемін болдау, қаланың даму негізгі бағыттарын жүзеге асыру әдістерін әзірлеу;
8) шығындар саясатын болжау;
9) тиісті жылға арналған бюджет добасының орта мерзімді фискалды саясатын бекіту және келісуге қатысу;
10) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдармалары үшін бюджет шағындары шегі жобасын құру;
11) түсім көрсеткіштері болжамын анықтау түсім көлемін жеткізу және қалыптастыру;
12) бюджет заңдары талаптарына сәйкесігі мәселесі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің өтініштерін қарау;
13) трансферттер және бюджеттік несиелер көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
14) Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген тәртіпте болатын бюджеттік бағдарламалар тиімділігіне бағау жүргізу;
15) қалалық бюджеттің орындалысын қамтамасыз етеді және оның мүдделерін қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
16) міндеттер бойынша түсімдер және қаржыландырудың біріккен жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіп бойынша құрайды және бекітеді;
17) түсімдер мен қаржыландырудың біріккен жоспарына, міндеттер бойынша қаржыландырудың біріккен жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
18) Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпте бюджеттік ақшаларды басқарады;
19) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қалалық бюджет қаржыларын игеру мониторингін жүзеге асырады;
20) заңдылықтарда бекітілген өз құзыреттілігіне сәйкес бюджеттік несиелендіру және қарыз беру үдерістеріне қатысады;
21) өз құзыреттілігіне сәйкес қалалық бюджет орындалысы бойынша бюджеттік есеп пен есептеулер және басқадай есеп-қисап жүргізеді;
22) Мекеме қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің біліктілігінің көтеру жөнінде шараларды іске асырады, экономиканы дамыту және бюджеттік жоспарлау әдерістерін басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізеді;
23) өз құзыреттілігі шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
24) аудандық коммуналдық мүлікті мақсатпен және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;
25) қалалық коммуналдық мүлікті басқару, иелену, пайдалану сондай-ақ Саран қаласы әкімдігі өкімімен бекітілген жағдайда қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде қалалық коммуналдық меншікте болып табылатын акционерлік қоғамдардың акция пакеттері мен шаруашылық серіктестіктерінің үлестеріне қатысу өкілеттіктерін жүзеге асырады;
26) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
27) мемлекеттік мүліктің реестрін жүргізудің бекітілген тәртібінде қалалық коммуналдық меншіктің есебін ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
28) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Саран қаласының әкімдігі қабылдаған шешім бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалдарды қатыстырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттарының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
29) аудандық коммуналдық мүлікті Саран қаласының әкімдігі анықтаған тәртіпте жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға соңынан сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (аренда), сенімгерлікпен басқаруға ұсынады;
30) қалалық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға ұсынады;
31) сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;
32) мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне мемлекеттік мүліктерді тапсыру; сәйкес саланың өкілетті органын ұсыну бойынша қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметтерді жүзеге асыратын қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
33) қатысу акциялар немесе үлестерін иелену мен пайдалану құқықтары әкімдік шешімімен Мекемеге берілген сәйкес саладағы бақыланатын мемлекеттік акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларына бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
34) калалық коммуналдық мекеменің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
35) сәйкес саланың өкілетті органының келісімі бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе өз шаруашлық қызметінің нәтижесінде олардың сатып алған мүліктерінен айыруды және қайта бөлуді жүзеге асырады;
36) мемлекеттік мүлікті мақсатпен пайдалануға тексеріс нәтижесі бойынша бақылауды жүзеге асырған сәттен алты ай өткеннен кейін сәйкес саланың өкілетті органының келісімінсіз анықталған басы артық, пайдаланылмай тұрған немесе мақсатына сай пайдаланылмай отырған калалық коммуналдық заңды тұлғаларды мүліктерінен айыруды жүзеге асырады;
37) қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға тартып алынған мүлікті баланстан есептен шығарғанша оны басқа тұлғаға тапсырғанға дейін ұстау мен сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді, аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта құру мен таратуды жүзеге асыруға сәйкес саланың өкілетті органына келісімін береді;
38) қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға оларға бекітілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен иеленуге (олар өндірген өнімдерді сатудан басқасы), дербес бөлімшелер мен өкілдіктерін құруға келісімін береді;
39) аудандың коммуналдық заңды тұлғаға бекітілген мүліктерді мүліктік жалға (аренда) ұсынуға талдау жүргізеді;
40) қала әкімдігіне тиесілі акциялар мен олардың төлемдеріне дивиденттердің уақытында және толық аударылуына, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасында таза табысты, қала әкімдігіне тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесін қайта бөлуге бақылауды жүзеге асырады;
41) қала әкімдігінің қатысуымен аудандық коммуналдық кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызмет етуі және басқару тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асырады;
42) жалғыз акционері (қатысушысы) қалалық әкімдік болып табылатын акицонерлер қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) сәйкес директорлар кеңесі (бақылаушы кеңесі) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал, қала әкімдігі қатысатын басқа да акицонерлер қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысына директорлар кеңесі немесе бақылаушы кеңесіне үміткерлерін бекітуге ұсынады;
43) жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығаруға келісіледі.
44) коммуналдық меншікке қаратылған (түскен) қалалық коммуналдық мүліктерді, Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіпте қараусыз қалған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесіз мүлікті, олжа мүліктерді, қараусыз қалған жануарларды, Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тәртіпте өтеусіз өткен мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ қазыналарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан арғы пайдалануды ұйымдастырады;
45) қалалық коммуналдық мүліктер объектілерінің тізбесіне енгізілген, жекешелендіруі облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу арқылы жүргізілуі мүмкін қалалық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады.
46) мемлекеттік органдар, мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және акциялары (үлестері) немесе акциялардың бақылау пакетінің елу және одан да көп пайызы мемлекетке, сондай-ақ олармен үлестес заңды тұлғалар тиесілі заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үдерісін үйлестіреді;
16. Мекеменің құқытары мен міндеттері:
1) мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардан сұрайды және алады;
2) мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес Мекеме жүргізген іс-шараларды жүзеге асыруға басқа басқармалар мен ұйымдардың басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін қатыстыру туралы ұсыныстармен шығады;
3) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) бюджеттік заңдылықтар саласында мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет жасау;
5) заңдылықтармен оған жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
3. Бөлімнің жұмысын жоспарлау
17. Бөлім жұмысы келешек және ағымдағы жоспарлар негізінде жүргізіледі. Келешек жоспар бір жылға, ағымдағы жоспар бір тоқсанға жасалады.
18. Келешек жоспардың жобасы жоспарланған кезең басталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей жасалуы және бөлім басшысына бекітуге тапсырылуы қажет.
20. Келешек жоспарға сәйкес әр тоқсанға жұмыс жоспары құрылады.
21. Келесі тоқсанға жұмыс жоспарының жобасы ағымдағы тоқсан аяқталудан 10 күн бұрын бөлім басшысына бекітуге ұсынылады.
22. Бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау жинақтау секторының меңгерушісіне жүктеледі.
4. Құжаттардың орындалуын бақылау
23. Нақты тапсырмалары мен орындау мерзімдері көрсетілген барлық құжаттар бақылауда болады.
24. Құжаттардың орындалуын бақылау мәселенің мәнісіне қарай жинақтау секторының меңгерушісіне жүктеледі. Орындау мерзімдері құжатқа қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал кіріс құжаттары үшін оның түскен мерзімінен басталады.
25. Орындалуға бақылауды ұйымдастыру кезінде тіркеу-бақылау карточкалары қолданылады (автоматтандырылған ақпараттық жүйеде электрондық мәліметтер карточкалары).
26. Демалысқа кеткенде, ауырған немесе басқа лауазымға ауысқан, жұмыстан босатылған жағдайда, құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты қызметкер бөлім басшысының келісімімен басқа қызметкерге тапсыруы тиіс.
27. ҚР Президентінің Әкімшілігінен, ҚР Парламенті Сенатынан, ҚР Парламенті Мәжілісінен, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінен, облыстық әкімдіктен, қала әкімдігінен, қала мәслихатынан алынған тапсырмалары бар құжаттар, депутаттық сауалдар және азаматтардың өтініштері міндетті түрде бақылауға жатады.
5. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау
28. Бөлімде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және бақылау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-Ш заңына сәйкес жүргізіледі.
29. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер және оларға қайтарылатын жауаптар белгіленген формадағы журналдарда толтырылады.
Субъектіге тікелей жазбаша өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен инициалы көрсетілген талон беріледі.
Қайталама хаттар алу кезінде оған алдыңғы өтінішті қарау материалдары тіркеледі.
Бұрын тексерілген және олар туралы бөлімде тексерістің материалдары толығымен бар қайталама өтініштер басшының келісімімен қайта тексеруге жатпайды, бұл туралы өтініш иесіне хабарланады.
30. Қол қойылмаған, тегі, аты және әкесінің аты көрсетілмеген, тұрғылықты жері немесе жұмыс, оқу орны туралы мәліметтері жоқ өтініштер бүркемеленген болып танылады және қарауға жатпайды. Иесi бүркемеленген өтiнiш, мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш қарауға жатпайды.
31. Келушілерді журналда есепке алу тегін, атын, әкесінің атын, жұмыс орнын, лауазымын, өтініштің қысқаша мазмұнын, тапсырмаларды және қарау нәтижелерін көрсете отырып жүргізіледі.
32. Келушілерді қабылдау бөлім басшысымен апта сайын бөлім жұмысының регламентіне сәйкес жұмыс орнында, белгіленген және заңды және жеке тұлғалардың назарына жеткізілген күн мен уақытта жүргізіледі.
33. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады Тапсырмалары бар хатардың орындалу мерзімі олардың бөлімге келіп түскен уақытынан бастап саналады.
34. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.
35. Хатты қарау бірнеше бөлімге жүктелген жағдайда, бұрыштамада бірінші болып көрсетілген бөлім үйлестіруді жүзеге асырады. Ол тексеріс қорытындысы бойынша анықтама дайындайды, анықтамаға барлық тексеріске қатысқан секторлардың басшылары қол қояды.
6. Машина басу және көшіру-көбейту жұмыстарын ұйымдастыру
36. Машина басу жұмыстары бөлімде бөлім мамандарымен жүргізіледі.
Барлық тапсырылатын құжаттар «Ісжүргізу бойынша нұсқаулық» талаптарын ескере отырып ресімделуі қажет.
37. Көбейту аппараттарында көшірме жасау үшін құжаттың белгіленген талапды сақтап жасалған бірінші данасы және тапсырыстың ресімделген бланкісі ұсынылады.
38. Ұсынылған материалдардың көшірмесін жасау мен көбейтуге бөлім басшысы рұқсат береді.
7. Бөлім басшысының кеңестерін дайындау және өткізу
39. Кеңестер жұмыс жоспарына сәйкес апта сайын өткізіледі.
Аймақтық бағдарламалардың орындалуы, бөлімнің жұмысы бойынша маңызды мәселелер кеңестерде талқылануға жатады.
40. Кеңестерде қаралатын мәселелер тізбесі сектор меңгерушілері ұсынған ұсыныстардың негізінде бір тоқсанға жасалады.
41. Әр кеңесте хаттама жүргізіледі. Хаттама толтыруға ісжүргізуге жауапты маман жауапты болады.
42. Хаттамада кеңестің өткен күні, кеңеске қатысқан мүшелердің тегі көрсетіледі.
43. Хаттама жазу толық мазмұндау немесе стенографиялау арқылы жүргізіледі. Шешімдер ұсыныс сипатында болады және хаттамаға ғана енгізіледі.
44. Кеңестердің компьютерде терілген хаттамалары отырыс өткеннен кейінгі 3 күн ішінде қол қоюға беріледі.
45. Хаттамаларға ағымдағы күнтізбелік жыл ішіндегі реттік нөмірлер қойылады.
46. Кеңестерде қаралған мәселелердің материалдары олардың кеңес барысында шешілген реті бойынша қойылады.
47. Бөлім мамандары әр айдың 20-сына дейін сектор меңгерушілеріне алдағы уақытқа белгіленген күнтізбелік жоспар туралы ұсыныстар береді.